Облыс орталығындағы Болатбаев пен Жуков көшелерінің қиылысында «Chevrolet» жүргізушісі дабыл белгілерін қосқан өрт сөндіру көлігіне жол бермеген. Осы үшін рөлдегі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай бұзушылықты тәртіп сақшылары мен құтқарушылар «Заң және Тәртіп» қағидасын нығайту аясында бірлесе өткізген рейд барысында анықтады. Тәжірибе көрсеткендей, петропавлдық жүргізушілердің басым бөлігі оқиға орнына асыққан арнайы көліктерді өткізу талабын сақтайды. Бұл ретте сандарға назар аударайық. Жыл басынан бері Петропавлда осыған ұқсас 4 бұзушылық тіркеліпті. Ал жол-көлік оқиғасы 242 мәрте орын алған. Салдарынан 16 адам қаза тауып, 330 адам түрлі жарақат алыпты.