Құқық қорғау органдары

СҚО-да прокурорлардың араласуынан соң 75,8 млн теңге қазынада қалды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттің негізсіз шығындарының алдын алды! Айыртау, Ақжар, Есіл, Мамлют, Тайынша, Уәлиханов, Ғ.Мүсірепов және Шал ақын аудандарындағы білім бөлімдерінің лауазымды тұлғалары Бюджет кодексінің талаптарын және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұзған. Олар мектептерді интернет желісіне қосу бойынша қызметтер көрсетуге 360 млн теңгеден астам сомаға шарттар жасасқан. Сонымен қатар, Ақжар ауданындағы Горький орта мектебінің мұғалімдері роуторды өз қаражаты есебінен төлеген. Бұл – «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарына қайшы іс. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, қызметтер құнын төмендету туралы қосымша келісімдер жасалды, мұндай шара 75,8 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалмауына әкелді.