ТЖ

Қызылжар ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары басталды

Алдағы көктемге қазірден қамданған жөн! Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары басталды. Маңызды іс тасқын қаупі аса басым Тепличное және Прибрежное ауылдарының іргесінде өткізілуде. Мердігер – «Титан Север» серіктестігі. Жоба бойынша қорғаныс үйіндісі биіктеп, қабырғасы қалыңдайды. Сондай-ақ, конструкцияларды бетондау және арматураланған плиталарды төсеу жоспарланған. Оған 29 бірлік арнайы техника тартылды. Бұл жұмыстардың аяқталуы су тасқыны қаупін айтарлықтай төмендетуге және жағалау аумақтарының гидротехникалық қорғалуын жақсартуға мүмкіндік береді.