Қоғам

Ғ. Мүсірепов ауданында 56 жастағы әйел жұмыс орнында қаза тапты

Ғ. Мүсірепов ауданында 56 жастағы әйел жұмыс орнында қаза тапты. Ол Новоишимское ауылындағы кәріздік сорғы станциясында оператор болып жұмыс істеген. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар шақырылады. Алайда, мамандар нәзікжандыны құтқара алмайды. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір жайсыз жайт жан-жақты тексеріліп жатыр.

АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, ҚР ЕХӘҚ министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

— Тазарту құрлысының операторы сорғы станциясына түңгі ауысымға келген. Ол бекіту арматурасының жай-күйін және қабылдау камерасындағы су деңгейін тексеру үшін баспалдақпен төмен түскен. Баспалдақпен көтеріліп жатқанда есінен танып, құлап қалған. Арнайы комиссия құрылды, қазір тексеру жүріп жатыр.