Қоғам

СҚО-да бөтеннің көлігін мініп кеткен мас адам ұсталды

Бөтеннің мүлкін мініп кеткен мас адам ұсталды! Есіл ауданындағы Покровка ауылының тұрғыны өзінің «Priora» автокөлігінің жоғалғанын ұғынып, полицияға жүгінген. Көп ұзамай оның телефонына ереже бұзғаны үшін айыппұл салу туралы хабарлама келеді. «Мегакам.Қорғау» аппараттық-бағдарламалық кешені Покровка елдімекені тұсындағы көпірде жылдамдықтың асқанынан тіркеген. Жазба тәртіп сақшыларына ұрланған темір тұлпардың бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Жүргізушіні тоқтатуға жол бойындағы аудандардың полиция өкілдері қатысты. Нәтижесінде 32 жастағы Покровка тұрғыны Жамбыл ауданында ұсталды. Оның мас күйде екені анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды