Білім

Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінде оқуға құжат қабылдау жүріп жатыр

Науқан шілде айының 25-ші маусымынан бастау алған. Енді тамыз айының соңына дейін жалғасады. Қазір күн сайын 10-нан астам талапкер келіп, құжаттарын тапсыруда. Егер ұл-қыздар 9-шы сыныптан кейін түссе 3 жыл 10 ай, 11-ден кейін келсе 2 жыл 10 ай тәлім алады.

ВАЛЕРИЙ РУКАБЕР, талапкер:

— Мен Қызылжар ауданындағы Асаново ауылындағы мектепте оқыдым. Осы жылы 9-шы сыныпты аяқтаған соң механизатор мамандығына түсуді шештім. Бұл саланы таңдаған себебім, әкем ауылда механизатор болып, егістікте жұмыс істейді. Мен де соның жолын қуғым келеді. Диплом алған соң ауылға әкемнің жанына барамын.

Биыл колледжге 325 грант бөлініп отыр. Түлектердің тегін оқу бөліміне түсуге мүмкіндіктері молынан. 9 мамандықтың әрқайсысына 25 гранттан бағытталған. Қазір 300-ден астам тәлімгер құжат тапсырыпты.

СЕДА КЛАСЮК, жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің қызметкері:

— Біз 9 мамандық, 13 санат бойынша маман даярлаймыз. Дені электрик, азаматтық қорғау, өрт сөндіруші және дене шынықтыру мұғалімі мамандығына барады. Дене шынықтыру мұғаліміне түсу үшін физикалық емтихан тапсыру керек болса, қалғандарымен әңгімелесу жүргізіледі. Талапкерлер ауыл квотасы арқылы да грантқа іліге алады. Оған қоса, дуалды оқытудың да бар екенін еске сала кетейік. Оқуды аяқтаған соң өзіміз жұмысқа орналастырамыз.

Жалпы, биыл колледжді 250-ден астам студент аяқтаған. Оның 90 пайызы тіпті мамандығы бойынша жұмысқа орналасып та үлгеріпті. Қазір колледж қабырғасында мыңнан астам студент білім алуда.

 

Мәдина Қаби