ҚоғамСпорт

Солтүстікқазақстандық ТЖД қызметкері республикалық турнирде тұғыр биігінен көрінді

Шілденің 18-і күні Алматыда ТЖ министрінің кубогына арналған республикалық турнир өтті. Дүбірлі дода еліміздің түкпір-түкпірінен келген төтеншеліктер спорттың бірнеше түрі бойынша сынға түсті. Жарысқа барлығы 220-ға жуық спортшы қатысты. Олардың арасында спорт шеберлері мен түрлі разряд иегерлері де бар. Сайыста жерлесіміз Алина Гарап қол күрестен сынға түсіп, үшінші орын иеленді. Нәзікжанды турнирде табандылығымен көзге түсті. Өңір мерейін асырған спортшы мен қатысушыларды Петропавлда әріптестері ерекше салтанатпен күтіп алды. Шара барысында облыстың бас құтқарушысы Жомарт Асқаров Алинаны құттықтап, алдағы бәсекелерде тұғыр биігінен түспеуін тіледі.