Аққайың ауданында 28 жастағы ер адам ауылда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан. Қылмыскер «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұсталыпты. Қолға түскен жігіт 1 грамм «спайс» сатпақ болған екен. Сонымен қатар, теріскейліктің үйін тінту барысында полицейлер тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тапқан. Бірінші аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, заңсыз қару сақтау фактісі бойынша әкімшілік материал жиналуда. Айыпты ауыл тұрғыны 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 43 келіден астам түрлі есірткі затын тәркіледі, оның 4 келіден астамы – синтетикалық түрі.