ҚоғамҚұқық қорғау органдары

Шал ақын ауданында шағал тасты рұқсатсыз өндіру фактісі анықталды

Шал ақын ауданындағы «Двойники» кен орнында белгісіз тұлғалар жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы бұзды. Олар ешқандай рұқсат құжаттарынсыз табиғи шағал тасты өз беттерінше өндірген. Салдарынан мемлекетке келтірілген залал көлемі 7 млн теңгеден асып жығылған. Аталған факті бойынша мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен ҚK 334-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, ары қарай тергеу үшін полиция департаментіне жолданды. Сонымен қатар, Афанасьевка ауылында аталған кен орнына жақын жерде «Двойники» кен орнында өндірілген материалға ұқсас табиғи шағал тас қоры анықталды. Оның көлемі шамамен 5 жарым мың шаршы метрді құрайды, залал сомасы 10 млн теңгеден асады. Қазіргі айыпты тұлғаларды анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр.