МТРА жаңалықтары

Биыл петропавлдық балалардың 97 пайызы балабақшамен қамтылады

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда 13 мыңнан астам орынға шақталған 172 мектепке дейінгі мекеме ашылған. Бұл игі бастаманың арқасында 2 жастан 6 жасқа дейінгі жеткіншектердің 93,1 пайызы балабақшамен қамтылды. Сонымен қатар, 260 мемлекеттік нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Облыста да бұл бағытта біраз шаруа тыңдырылыпты.

ӘСЕЛ ЖҮНІСОВА, СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы:

— СҚО-да 449 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 429-ы – мемлекеттік болса, қалғаны – жекеменшік. Қазіргі таңда оқу орындарында 18 мыңға жуық бала тәлім алады.

Бүгінде облыста 4400-ге жуық бала балабақша кезегінде тұр. Оның 60 пайызы – петропавлдықтар. Қаладағы тапшылықты түп тамырымен жою мақсатында “Жас өркен” ықшам ауданында заманауи әрі зәулім балабақша салынып жатыр. Нысан 280 орынға шақталған. Мектепке дейінгі мекеме қолданысқа берілгеннен кейін облыс орталығындағы жеткіншектерді балабақшамен қамту көрсеткіші 97 пайызға жетеді.

 

Мәдина Қаби, Нұрасыл Ахмет