ТЖ

Тұрғындардың зәресін қашырған түнгі оқу-жаттығу

Жұманың кешінде “Жас Өркен” ықшам ауданы тұрғындарының зәре-құты қашты. Мұндағы көпқабатты үйлердің бірінде Төтенше жағлайлар департаментінің бастамасы бойынша жоспарланбаған оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Мақсат – қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдарының дайындығын кенеттен тексеру. Түнгі алдын алу жұмысы барысында жеке құрамның жедел дайындығы, жасақталуы, техниканың жай-күйі және қажетті жарақтың болуы бағаланды. Биік нысандардағы оқу-жаттығулар өрт сөндірушілерге арнайы техника мен жабдықтарды пайдалануды, сондай-ақ адамдарды құтқару кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға мүмкіндік береді.