ТЖ

СҚО-да ерікті өрт сөндірушілер оқудан өтті

Солтүстік Қазақстан облысында ерікті өрт сөндірушілер оқудан өтті. «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында Қызылжар ауданының Новоникольское мен Шал ақын ауданының Мерген ауылында құрылған бекет қызметкерлері біліктілік арттырды. Тілсіз жаумен күресетін 8 маман мен 3 жүргізушіге арнайы құрал-жабдық пен қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Қауіпті нысандардағы өрт кезінде негізгі жасақ келгенше дейін не істеу қажеттігі туралы түсіндірілді. Элеваторлардағы, дирмендер мен қоймаларда орын алған қызыл жалынды құрықтауға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, олар эвакуациялық дайындық және кәсіби мамандармен өзара әрекеттесу арқылы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.