Ағымдағы жылы облыста көктемгі әскери шақыру науқанында 507 жас әскерге шақыртылған. Оның 430-дан астамы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Бұл – жалпы жоспардың 85 пайызы. Өңірде әскерден жалтару мәселесі үнемі өзекті десек артық айтқандық емес. Қазіргі таңда аймақта 640-қа жуық жігіт іздеуде жүр. Биыл олардың 102-сі табылған. Бүгінде өңірде әскерден уақытша босатылғандардың саны 11 мыңнан асады. Оның 8 мыңы – университет пен колледж студенттері. Қалғаны – отбасылық жағдайы мен денсаулығы бойынша міндеттен босатылған жандар.