Назарбаев пен Шәжімбаев көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйлердің біріндегі 10-шы қабаттан өрт шыққан. Бұны таңғы уақытта қалалық полиция басқармасының патрульдік полицейлері байқап қалады. Олар осы сәтте мас азаматты медициналық куәландыруға апара жатқан. Мамандар бірден оқиға орнына жетеді. Подъездге кіріп, тұрғындарды оятып, оларды далаға шығарады. Қуанышымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ.
АЛМАС ЖАМАНБАЕВ, Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы:
— Тұрғын үйлердің бірінің терезесінен қара түтін шығып жатқанын аңғардық. Бірден сол үйге барып, көліктен шығып, ішкі кірдік. Барлық пәтерлердің есіктерін қағып, тұрғындарды оятып, эвакуация жасадық. Сол уақытта өрт сөндірушілер де келіп жетті.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жылдам ауыздықтады. Ал Алмас Жаманбаев, Мағауия Жақсыбаев пен Мұратбек Зейнолла сынды қарағы қызметкерлер әрі қарай өз қызметтерін жалғастырды.
Байболат Құлтанов