СҚО әкімдігі

Мемлекет меншігіне 29,8 млрд теңгенің жері қайтарылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы! Ақжар, Есіл, Тимирязев, Уәлиханов және F.Мүсірепов ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұзған. Олар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 учаскені ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланбаған. Ал Петропавл қаласының іскер жандары 3 жыл көлемінде коммерциялық мақсатқа арналған 123 гектарды пайдаға жаратпаған. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде жалпы ауданы 33,2 мың гектарды, кадастрлық құны 29,8 млрд теңгені құрайтын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал ниетті жер пайдаланушыларға беру бойынша жұмыстар жүргізуде.