Спорт

“Қызылжар” ФК жанкүйерлерді жерге қаратты

“Қызылжар” футбол клубы жанкүйерлерді жерге қаратты! Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-ші туры аясында петропавлдық ұжым “Атырау” командасымен кездесті. “Қарасай” стадионында өткен матч 0 де 1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Бұны кішігірім сенсация деуге болады. Себебі, батыстық клуб наурыздың алғашқы жұлдызынан бері жеңіске жетпеді. Қазіргі таңда турнирлік кестенің ең соңғы сатысында тұр. Аутсайдерге тіс батыра алмай жеңілген “Қызылжар” 9-шы орында қалды. Жерлестеріміздің ендігі қарсыласы – осы турда алматылық “Қайратпен” тең ойнаған қызылордалық “Қайсар”. Бұл ойын шілденің 26-сы күні Сырдария жағасында өтеді. Матч кешкі 20:00-де басталады.