Естімеген елде көп! 43 жастағы Америка Құрама Штаттары азаматы Қозыбаев университетіне құжат тапсырды. Илья Кушнирский қос диплом бағдарламасы бойынша «Білім берудегі психология» мамандығына түседі. Шетелдік студент ақылы негізде оқымақ. Алайда, бұл талапкер үшін қаржылық жағынан тиімді саналады. Егер ол оқуды Аризона университетінің Тусон қаласындағы кампусында бастаса, жылына 40 мың АҚШ долларын төлеуі қажет еді. Айта кетейік, қазіргі таңда Қозыбаев университетінде әлемнің 16 елінен келген студенттер білім алады.
ИЛЬЯ КУШНИРСКИЙ, талапкер:
— Өзім Нью-Йорк қаласынан боламын. Бірақ, соңғы 2 жылымды Санкт-Петербург қаласында өткізіп, клиникалық психология бойынша қайта дайындықтан өттім. Алматыдағы семинарлардың біріне қатыстым. Сонда Қозыбаев университеті туралы білдім. Негізі көп уақыт бойы Америкада тұрдым. Алайда, мені қос диплом алу мүмкіндігі қатты қызықтырды, сондықтан Қозыбаев университетін таңдап отырмын.