Қоғам

Зейнеткерді алдап, 2 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталды

67 жастағы петропавлдықтың үй телефонына біреу қоңырау шалып, өзін Ресейде тұратын қызымын деген. Ол жол апатына түскенін және адвокатка дереу ақша керек екенін айтқан. Абдырап қалған зейнеткер үйден 2 млн теңге алып шығып, такси арқылы беріп жібереді. Мән-жайды анықтамақ болып жиеніне хабарласқан қала тұрғыны алданғанын түсінеді. Нәзікжанды бірден 102 нөміріне хабарласады. Жедел-іздестіру шарасы барысында такси жүргізушісі де, қызы болып қоңырау соққан адам да ұсталды. Күдікті – 24 жастағы қала тұрғыны. Оның тағы бір алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.