БалаларҚоғамЭкология

Экопикник – жастарды волонтерлікке тартудағы жаңа тәсіл

Ғимаратта емес, табиғат аясында ұйымдастырылған іс-шара. Бүгін волонтерлікке бет бұрған жастарға арналып экопикник өтті. Бұл бағытта бірнеше жылдық тәжірибесі бар еріктілер қатарларына енді ғана қосылып жатқан ұл-қыздарға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын түсіндіріп, алға қойған мақсаттарын баян етті.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, “Ассамблея жастары” РҚБ СҚОФ бойынша өкілдігінің жетекшісі:

— Бізде экопикник екі бөлімге бөлінген: біз бірінші тимбилдинг өткіземіз. Оған қызықты ойындар дайындадық. Екінші бөлімінде шағын дастархан жайып, экосананы қалай дамыту қажеттігі туралы әңгімелесеміз.

ӘСЕМ МЫҢЖАНОВА, волонтёр:

— Тек тазалық акцияларын ғана ұйымдастырмай, осылай табиғат аясында бас қосудың пайдасы зор. Бізге бірнеше жыл бойы волонтер болып жүрген замандастарымыз экомәдениет қалыптастырудың жолдарын түсіндірді. Табиғатқа қамқорлық өзімізден басталады. Қоқыс жинау қажеттілігі туындамас үшін оны шашпау керек. Сағыз шайнадың ба, балмұздақ жедің бе – сыртын қоқыс жәшігіне апарып салу қажет. Соны іні-сіңлілерімізге түсіндіруіміз керек.