Елімізде полицияға соңғы үш жылда қыз алып қашуға қатысты 200-ден астам шағым түскен. Оның тек 10-ы ғана сотқа жетіпті. Қалған 204 іс тергеу сатысында жабылған. Енді бойжеткен қызды еркінен тыс тұрмысқа беру немесе келісімінсіз алып қашу заң бойынша жазаланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды.