Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен іске асырылатын әлеуметтік жобалар – Бас Прокурордың жеке бақылауында. Облыс прокурорлары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 30 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау желілерінің құрылысын тексерді. Кешенді жұмыстың нәтижесінде 11 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Бұл санитарлық қауіпсіздік деңгейін арттырады және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына жағдай жасайды. Құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Мердігерлік ұйымдарға жұмыстарды уақытында орындау және сапасына көп көңіл бөлу туралы ескертілді. Облыста қайтарылған активтер есебінен барлығы 33 жоба іске асырылуда.