Түрмеде отырған емес, пробация қызметінің есебінде тұрған азамат рақымшылыққа ілікті. 48 жастағы қала тұрғыны Александр Антоненко сәуір айында жол-көлік оқиғасына себепші болып, жазаланған. Кейін 500 АЕК – 1 млн 846 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген. Ол бұл соманың бір айын ғана, яғни 95 мың теңгесін төлеген. Бүгін қалалық сотта азаматтың ісі тағы бір мәрте қаралып, жеңіл қылмыс болғандықтан жазаның күші жойылды.
АЛЕКСАНДР АНТОНЕНКО, қала тұрғыны:
— Күн сайын учаскелік полицейге барып белгіленіп отырдым. Бірақ, жұмысымды жалғастыра бердім. Басқа қалаға шыққан жоқпын. Кейін мамандар өздері осындай рақымшылық туралы заңны4 бар екенін айтқан соң, өтініш жаздым. Енді мұндай қателік жасамаймын. Сабақ алдым.
АЗАМАТ ШАЯХМЕТОВ, қалалық пробация қызметінің аға инспекторы:
— Жалпы, пробация қызметінің есебінде 339 адам тұр. Оның 139-ы рақымшылыққа ілігеді. 54-і жазадан толық құтылады, 85-і жартылай өтейді.