Жуырда Түркістан қаласында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері арасында спорттық және жауынгерлік самбодан республикалық жеке командалық чемпионат өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен мықты деген спортшылар қатысты. Көптің арасынан петропавлдық академия курсанттары жоғары нәтиже көрсетіп көзге түсті. Спорттық самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынастырған Мадияр Мақаш 1-орын, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекзат Түскен 3-ші орынға ие болды.