СҚО әкімдігіҚоғам

Петропавлда заманауи мұз аренасы мен әмбебап спорт аренасы салынады

Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі жол өткелінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мамандарға жауған жаңбыр мен ми қайнатар ыстық кедергі емес. Маңызды жұмыспен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қаланы аралау барысында арнайы барып танысты. Тілдесу кезінде нысанның тапсырылу уақыты жайлы айтылды.

“Жас Өркен” шағын ауданында салынып жатқан балабақша, “Берекенің” Малая көшесіндегі жол құрылысы және мұндағы жайлы мектеп. Облыс әкімі осындай нысандарға да бар. Білім ұясы талапқа сай бой көтеруде. Бүгінде істің негізгі бөлігі аяқталған. Төңіректі абаттандыру және ішкі әрлеу қалды. Артынша кабинеттер жабдықталып, жиһаз қойылады. Ғимарат тамыздың соңына таман тапсырылуы тиіс. Қаланы аралау кезінде Ғауез Нұрмұхамбетов Қизатов көшесінде орналасқан алаңға барды. Бұл жерде бірегей жобалар жүзеге аспақ.

Төңіректе халықаралық стандарттарға сай 400 метрлік конькимен жүгіру жолы, 2 хоккей корты мен керлинг айдыны бар көпфункционалды мұз аренасы салынады. Жанында 50 метрлік олимпиадалық жүзу бассейні, жекпе-жек пен көркем гимнастика залдары, волейбол, баскетбол және фитнес залдары жұмыс істейтін әмбебап спорт аренасы бой көтереді. Бұл нысандарда халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік болады. Барлық мердігерлерге қойылған басты талап – құрылысты сапалы әрі уақытылы аяқтау. Сонымен қатар, облыс әкімі азаматтарды қабылдау кезінде түскен өтінішке сәйкес, «Дария» базарының санитарлық жағдайын тексерді.