Қоғам

Қызылжар ауданының басшылығы саяжай тұрғындарымен кездесті

Ербатыр Жүнісов Қызылжар ауданында 20 жылға жуық уақыт тұрады. Ал, баспанасын салғанына 10 жыл болған. Енді тұрғын жаңа бөгет салынса үйі сүріліп кетпеуін қалайды.

ЕРБАТЫР ЖҮНІСОВ, Қызылжар ауданының тұрғыны:

Бүгін техникалық кеңес өтті. Қызылжар ауданы әкімдігінің қызметкерлері болды. Әкім тұрғындардың мүддесін қорғауға тырысты. Тікелей авторлық қадағалауды сұрады. Нақты жауап алдағы күнде белгілі болады.))

Жауапты мамандардың сөзінше, нақты шешім шыққанға дейін тұрғындардың үйіне ешкім тиіспейді. Бірақ, әкімдік өкілдері мәселені барынша дұрыс шешуге тырысып жатқанын жеткізді.

БЕЙБІТ ИСМАНОВ, Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы:

— Техникалық кеңесте саяжайдағы үйлерге және жеке тұрғын үйлерге зиян тигізбеу жолдарын барынша қарастырдық. Қалған шешілмеген мәселелерді әлі талқылап, нақты шешім шығарамыз. Кейін барлық деректерді қалалық әкімдіктің қарауына жібереміз. Осыған сүйене отыра, олар бағалау жұмыстарын жүргізеді.

Тепличное ауылына салынатын жаңа бөгеттің биіктігі жобаға сәйкес 7 метр болмақ. Ал ұзындығы 5 шақырымға созылады. Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бейбіт Исмановтың сөзінше, қорғаныс бөгеті елді мекенді тасқын судан қорғайды. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.