Денсаулық сақтау саласын цифрландыру күнделікті жұмысты жеңілдетуге әкелді. Қазір облыстық көпбейінді балалар ауруханасында госпитальдік фармация бөлімшесі бар. Жаңа бөлімше мамандарына жауапты міндет жүктелген.
НҰРБОЛАТ НҰРМОЛДИН, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы госпитальдік фармация бөлімшесінің меңгерушісі:
— Арнайы жол картасы жобасы аясында еліміздегі ауруханаларда госпитальдік фармация бөлімшесі ашылып жатыр. Облыс аумағында мұндай арнайы орталық алғаш біздің мекемемізде ашылды. Қазіргі күні штабта 12 адам қызмет етеді.
Жаңа бөлімшенің жұмыс барысына тоқталсақ. Бұл жерді дәрі мен екпе дайындау аумағы деп айтсақ болады. Дәрігер әдеттегідей науқасқа тиісті препаратты тағайындайды. Бұрын тағайындалғанды медбике емделушіге ішкізетін. Қазір қажетті дәрмек мөлшері бойынша арнайы базада тұрады. Тізімді жаңа бөлімшенің өкілдері тұрақты түрде қадағалап, курьерлер арқылы ем қабылдаушыға жеткізіп отырады.
НҰРБОЛАТ НҰРМОЛДИН, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы госпитальдік фармация бөлімшесінің меңгерушісі:
— Бөлімше өкілдерінің назарында емделушінің қандай бөлімшеде, қандай палатада жатқандығы жайлы да ақпарат ұсынылады. Дәрі мен екпе бір рет қолданатын полиэтелен пакетке салынады. Сақтау уақытына, температураға баса назар аударылады. Басты айтпағым, препараттар керекті дозада болады. Арнайы адамдар жеткізген дүниені науқасқа ішкізу немесе салу – медбикенің міндеті.
Яғни, медбикенің жұмысы жеңілдеді. Науқасты емдеуге деген көзқарас өзгеріп, жауапкершілік артты. Бүгінгі күні жеткізу қызметі қажетті дәрі-дәрмекті аурухана аумағындағы 11 бөлімшеге тасиды. Алдағы уақытта қатарға инфекциялық бөлімшені де қосу жоспарлаған.
Ақтолқын Солтанханқызы