Мәдениет

Абай мұрасы насихатталған шара

Хәкім Абай мұрасын қайта жаңғыртып, кеңінен насихаттау. Петропавлда “Ұлы халықтың ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш өтті. Шара барысында нар тұлғаның өмірі мен өнері туралы қызықты мәліметтер тыңдалып, өлеңдері орындалды. Сонымен қатар, жазушының портреттері бейнеленген көрме қанат жайды.

ГҮЛЖАУҺАР СӘДУАҚАСОВА, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

— Ұлы Абайдың 180 жылдығы – биылғы жылдың ең басты оқиғасы. Көрмеде әлемге белгілі суретшілердің туындылары ұсынылған.

Абай – тек ақын емес, ол – ұлттың ұстазы. Оның ой-толғаулары мен дүниетанымы – әрбір қазақ баласына бағыт беретін шамшырақ. Сондықтан, бір ғасырда бір туатын тұлғаның есімі ешқашан өшпей, кеңінен насихатталуы тиіс. Бұл бағытта Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының ұжымы ауқымды жұмыс атқаруда. Мәселен, аталған білім ұясында мыңнан астам оқушы оқиды. Олардың барлығы Абайдың кемінде 5 өлеңін жатқа біледі екен.

ШЕГЕБАЙ НҰРҒОЖИН, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры:

— Мектебімізде “Абай орталығы” жұмыс істейді. Оның іші ұлы тұлғаның кітаптарына толы. Абайды дәріптеу – біздің міндетіміз.

Шараға жалғыз зиялы қауым өкілдері ғана келген жоқ. Абай өлеңдерін сүйіп оқитын жеке кәсіпкерлер де қатысты. Солардың бірі – Жомарт Омаров. Ол бізге қазақтың танымал ақын-жазушыларының ұлы тұлға жайлы айтқан өлең шумақтарын айтып берді.

ЖОМАРТ ОМАРОВ, кәсіпкер:

— Жүз атқанмен өзгенің бәрі надан, жалын алып Абайға жүр баралық деген болатын Шәкәрім Құдайбердіұлы. Одан қалды, М. Жұмабаев пен Ахмет Байтұрсыновтың Абайға арнаған сөздері қаншама.

Айта кету керек, қазақтың нар тұлғасы Абай Құнанбайұлының бізге жеткен 200-ге жуық өлеңі бар.

 

Нұрасыл Ахмет