Интернет-қылмыстың алдын алу бойынша заманауи форматтарды кеңейту қажет. Өңірге іс-сапармен келген ІІМ киберқылмыспен күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай осылай деді. Ол, сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және мұндай құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Жандос Сүйінбай жедел-басқару орталығына барып, оның техникалық жабдықталуын, мамандардың автөкөліктері мен кабинеттерін қарады. Кейін азаматтарды жеке қабылдап, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Кездесуге интернет-алаяқтыққа тап болған үш петропавлдық келген.