Ауыл шаруашылығыҚоғам

СҚО-да 70-тен асқан ерлі-зайыпты сарымсақ өсірумен айналысады

Петропавлда “Бір ауыл – бір өнім” жобасы аясында көрме ұйымдастырылды. Оған 32 кәсіпкер қатысты. Мұнда ет, сүт, бал өндіретін, тіпті, ағаш пен тоқыма бұйымдарын жасайтын іскерлер де бар. Шараны ұйымдастырудағы мақсат – тауарөндірушілердің жұмысын көпшілікке көрсету дейді кәсіпкерлер палатасының мамандары. Көрмеде ерекше өнімдерімен көзге түскендердің бірі – 71 жастағы зейнеткер Эдуард Ульман. Ол зайыбымен бірге 7 жылдан бері сарымсақ өсірумен айналысады екен. Бүгінде бір сарымсақтан 10 түрлі өнім шығарып отыр.

М. Жұмабаев ауданындағы Возвышенка ауылынан келген отбасы экологиялық таза, сапасы жоғары сарымсақ өсіреді. Жыл сайын 4 тоннаға жуық өнім алады екен. Тауарды Ресейдің 52 аймағына, тіпті Тәжікстан мен Германияға да жеткізеді. Айта кету керек, көрме қорытындысы бойынша он кәсіпкер жобаның екінші кезеңіне өтті. Жақын арада олар өзара сайысқа түседі. Үздік атанған үшеуі республикалық сайыста өңір намысын қорғайды.