Аптадағы маңызды жаңалықтарСҚО әкімдігі

Облыстық әкімдікте кезекті отырыс өтті

Отырыстың басында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов халықтың өмір сүру сапасын арттыруды басты мақсат ретінде атап өтті. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО әкімі:

— Біріншіден, бүгін біз облыстың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарамыз. Бұл тек экономикалық көрсеткіштер емес, ең алдымен азаматтарымыздың өмір сапасы, әлеуметтік-мәдени саланың дамуы, қызметтерге тең қолжетімділік. Екіншіден, Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін барлық қала мен ауылдарды 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық ауыз су мен қамту деңгейі 97,5%-ға жетті.

Облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов өз баяндамасында барлық негізгі бағыттар бойынша бірінші жарты жылдықтың негізгі көрсеткіштерін баяндады. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы саласында-ет, сүт және жұмыртқа өндірісінің өсімі мен мал шаруашылығының тұрақты дамуын атап өтті.

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО экономика басқармасының басшысы:

— Биылғы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 106,3% құрады. Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 88,0 млрд теңге, өсім 6,3%. 33,3 мың тонна ет, 177,8 мың тонна сүт, 310,0 млн дана жұмыртқа өндірілді.

Өңірде құрылыс саласы белсенді дамуда. Жарты жылдың ішінде орындалған жұмыстар көлемі 26%-ға артқан. Бұл өсім күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ ауқымды құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебінен болып отыр. Облыс әкімі құрылыс маусымын барынша тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО әкімі:

— Еңбастысы-бүгін сол пәтерді күтіп отырған адамдар баспанасыз қалмасын. Халықтың үміті ақталуы керек. Ең маңыздысы- осы. Сондықтан бақылауда ұстаңыздар, жиналыс өткізейік.

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер талқыланғаннан кейін қатысушылар негізгі тақырып – ауыз сумен қамту мәселесіне көшті. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысын қарау үшін мердігер ұйым өкілдері де шақырылды. Қазіргі жағдай туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы баяндады.

ДАНИЯР ҚУАНЫШБАЕВ, СҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

— Мемлекет басшысының барлық тұрғындарды ауызсумен 100% қамтамасыз ету тапсырмасын уақытылы орындау мақсатында 37 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу қажет. Сонымен қатар, Соколов топтық су құбыры арқылы – 5 ауыл және 46 ауылда кешенді блок-модульдер орнату жоспарланған. ҚР Үкіметінің қолдауының арқасында елді мекендер мен топтық су құбырлары жүйесін дамытуға барлық қаржы көздерінен 74 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның ішінде: арнайы мемлекеттік қор – 45,2 млрд теңге, республикалық бюджет – 18 млрд теңге, облыстық бюджет – 11,1 млрд теңге.

Кейін «Қызылжар су» кәсіпорнының өкілі Мұратбек Әбішев есеп берді. Ол бірінші сорғы станциясының қайтажаңғыртылуы және өзге де ағымдағы және жоспарланған жұмыстар туралы баяндады.

МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ, «Қызылжар су» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

— Облыс әкімдігі мен үкіметтің қолдауының арқасында, инвесторлардың қаражаты есебінен 1-көтерілімдегі сорғы станциясының толық қайтажаңғыртылуы жүргізілді. Сондай-ақ, ағымдағыжылы су тазартунысандарының (1-кезек) реконструкциясыаяқталады. 2-кезек бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың сметалық құнына түзету енгізілді. “Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту” ұлттық жобасына сәйкес су және кәріз жүйелерін жаңғырту 2029 жылға дейін көзделген.

Кеңес барысында облыс басшысықала мен аудан әкімдеріне тұрғындарды сапалы ауыз су мен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Мердігер ұйымдардың мерзімді бұзуы мен міндеттемелерді орындамауы тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО әкімі:

— Мердігер ұйымдар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындамағаны, көрсеткіштерге қолжеткізбегені, инвестициялық жобаларды жүзеге асырмағаны үшін тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсінуі тиіс. Олардың қылмыстық жауапкершілік арқалайтындарын тағы да ескертемін.

Жиын соңында облыс әкімі аудан әкімдеріне барлық жобаларды уақытында аяқтауды, санитарлық бақылауды күшейтуді және су сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.