Тиімді демалыс. “Серебряный бор” лагерінде тынығып жатқан жасөспірімдер өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйренуде. Оларға адамнан қауіп төнген жағдайда шапшаң қимылдап, дұрыс әрекет етудің негіздерін тәртіп сақшылары көрсетіп жатыр. Білікті мамандар “Бұл – өмір қажеттілігі”, – дейді. Өзін қорғай білген бала өзгеге өзін ренжітуге, күш көрсетуге жол бермейді. Қазір аталған лагерьде 80-ге жуық бала демалып жатыр. Күзге дейін барлығы – 500-ге тарта жеткіншек қамтылмақ.