Қоғам

Баян Ахатай: Біздің миссиямыз – қоғамдық сананы сауықтыру

СҚО-да 400-ден астам адам есірткіге тәуелділердің есебінде тұр. Оның 40-ы әйел адам болса, 3-еуі – кәмелет жасына толмаған бала. Нашақорлық – қоғамның дерті. Қазір бұл қатарға лудомания да қосылды. Вандализм, тұрмыстық зорлық-зомбылық та бар. Аналар кеңесінің мүшелері мәселенің өзегі отбасыдан басталуы мүмкін дейді. Яғни, жұмысбасты ата-ана баласымен тиісті уақыт өткізбей, ұл-қыздарымен дұрыс қарым-қатынас құра алмай жатады. Салдарынан уақыт өте зиянды әдеттері бар екенін кеш біледі. Осы ретте ата-ана бала тәрбиесіне мән беріп, құзырлы органдар ақпараттық-түсіндіру жұмысына қарқын қосқаны жөн.

БАЯН АХАТАЙ, ҚХА республикалық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары:

Республика көлемінде 13 мыңға жуық аналар кеңеске мүшелік етеді. Оған 21 жастан 80 жасқа дейінгі кез келген нәзікжанды қатыса алады. Біздің басты миссиямыз – қоғамдық сананы сауықтандыру болып табылады.

Жалпы, бүгінде өңірде Аналар кеңесіне 400-ге жуық нәзікжанды мүшелік етеді. Белсенді жандар жарты жылдың ішінде мың жарымнан астам түрлі іс-шара ұйымдастырған.

 

Ақтолқын Солтанханқызы