Тайынша қаласында «Ақ бидай – 2025» жазғы облыстық спартакиадасының жеңімпазы анықталды! 4 күнге созылған дәстүрлі додаға әдеттегідей 13 ауданнан келген спортшылар қатысты. Олар футбол, волейбол, ауыр атлетика, үстел теннисі және шахмат сынды спорттың 15 түрі бойынша мықтыны анықтады.
Жеңімпаз – Тайынша ауданының командасы. Жергілікті ұжым 351 ұпай жинап, жалпы есепте айқын көш бастады. Екінші орынға қызылжарлықтар жайғасты. Ал үздік үштікті Тимирязев ауданының намысын қорғаған құрама тұрақтады. Келесі жылы «Ақ бидай – 2026» жазғы облыстық спартакиадасы Шал ақын ауданында өтеді.