Спорт

Тайынша ауданында «Ақ бидай» ойындары өтті

Спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жиынның ашылуы ерекше сән-салтанатымен есте қалды. Театрландырылған көріністер мен өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы көрерменге ерекше әсер қалдырды. “Ақ бидай” спартакиадасы – салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттаудың жарқын үлгісі. Сонымен қатар, бұл – ауданаралық байланыстарды нығайтып, достық пен ынтымақты дамытуға бағытталған ауқымды бастама.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

— “Ақ бидай” ойындары – бұл тек жарыс қана емес, достық пен бірліктің патриотизм мен табандылықтың белгісі. Ауылдан шыққан талай чемпиондарымыз дәл осындай алаңдарда алғашқы жеңістерін бастап, үлкен спортқа жол салған.

Жалпы, жарысқа мыңға тарта спортшы қатысып жатыр. Олардың ішінде ең көп спортшы – Есіл ауданының командасында. Ондағы спортшылар саны – 117. Бұл көрсеткіш есілдік спортшылардың белсенділігін және жарысқа жоғары дайындықпен келгенін аңғартады.

ТАМЕРЛАН АДЫРБАЙ, жарысқа қатысушы, Есіл ауданы:

— Мен бүгінгі сайыста волейбол спортынан қатысамын. Есіл ауданынан 117 спортшы келіп отырмыз. Бірінші ойында Тайынша ауданымен ойнап, жеңіске жеттік. 3:2 есебімен.

“Ақ бидай” жазғы спартакиадасы осымен 45-ші мәрте өткізіліп отыр. Ауқымды спорттық іс-шара алғаш рет 1980 жылы Мамлют ауданында ұйымдастырылған болатын. Содан бері жыл сайын әр ауданда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

СНХР: БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, спорт саласының ардагері:

— Бізді қуантатыны – ауыл спортшылары үлкен көмек көрсетіп жатыр. Ауылдың балалары өсіп жатыр. 45 жылдың ішінде қаншама азамат шықты. Бүгін де жиналған халықты көріп қуанып жатырмыз. Саны да, сапасы да өсіп жатыр.

Тайынша қаласында өтіп жатқан бәсекелі дода шілденің 12-сі өз мәресіне жетеді.

АЛЕКСАНДАР КУШЕНОВ, төреші:

— Тайынша қаласында өтіп жатқан спартакиадаға командалар жақсы дайындалған. Барлығы спорттық стандарттарға сай. Жарыстың алғашқы күні өз мәресіне жетті. Әзірге, көшбасшы – жергілікті команда. Екінші орында – Тимирязев, ал үшінші орында Шал ақын ауданының командасы тұр. Жарыс әлі жалғасуда, әрі қарай да тартысты ойындар күтілуде.

Спартакиаданы тамашалауға жиылған көрермен мен жанкүйерлер қарасы қалың. Оларға өнерпаздар коцерттік бағдарлама ұсынып, сайыс ажарын аша түсті.