Мәдениет

Маңғыстауда қанжығамыз майланды

Екі жылға созылған республикалық командалық айтыс өз мәресіне жетті. Еліміздің 20 аймағынан өнерпаздар қатысқан доданың ақтық сыны Маңғыстау өңірінде ұйымдастырылып, жеңімпаз бен жүлдегерлер марапатталды. Солтүстік Қазақстан облысының командасы үшінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, дәстүрлі ән аталымында жезтаңдай жерлесіміз Біржан Есжанов «Үздік дәстүрлі әнші» атанды.