Оқиға екі күн бұрын Бескөл тұсында болды. Түнделетіп келе жатқан нәзікжанды жолдың келесі жағына шығу үшін жаяу жүргіншілер жолағына бағыт алған. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам алдындағы қолмен басқарылатын бағдаршам нүктесін баспай, қызылға өткен. Сол сәтте DAF маркалы жүк көлігінің астына түседі. Өкінішке қарай, келіншек оқиға орнында қаза тапты. Қазір бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
ЖЕҢІС ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ДП анықтау басқармасы бастығының орынбасары:
— Кызылжар ауданы аумағында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бүгін облыс орталығында да жол-көлік оқиғасы тіркелді. Әуезов көшесімен келе жатқан қоғамдық көлік қарсы бағытпен келе жатқан қос бірдей “Lada” көлігіне барып соғылады. Полиция департаменті баспасөз қызметкерінің айтуынша автобустың жүргізушісі өзін жайсыз сезінген көрінеді.
Абырой болғанда бұл оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Жалпы, жыл басынан бері облыста 242 жол апаты болған. Салдарынан 16 адам қаза тауып, 330-ы жарақат алды.