Теріскейлік жас спортшы Серік Темірлан грек-рим күресінен өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Дүбірлі дода шілденің 4-і мен 5-і аралығында көрші қырғыз елінің Бішкек қаласында өтті. 15 жастағы Серік 3 кездесу өткізген. Біріншісінде кәріс палуанымен күрессе, екіншісінде қырғызстандықпен күш сынастырыпты. Екеуінде де қарсыласын ұтқан. Ал финалдық кезеңде тәжік палуанынан 8:1 есебімен ұтылып, 2-ші орынға тұрақтады.