Құқық қорғау органдары

СҚО-да мүгедектігі бар жұмысшылардан 16,9 млн теңге салық ұсталған

2023-2024 жылдары Ақжар, Есіл, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Шал ақын және Тайынша аудандарының жұмыс берушілері салық талаптарына қайшы әрекеттерге барған. Олар мүгедектігі бар 400-ге жуық жұмысшыдан 16,9 млн теңге жеке табыс салығын ұстап қалған. Заңға сәйкес, еңбек ететін кембағал адамдар мұндай төлемнен босатылған. Сонымен қатар, Есіл аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғалары мүмкіндігі шектеулі балалардың 24 заңды өкіліне 1,7 млн теңге көлеміндегі жеке табыс салығын аудармаған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кіріс органдары 6,2 млн-ды қайтарды, кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершлікке тарту шараларын қабылдауда. Ал қалған соманы қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.