Қоғам

Петропавлдық әскерилер қан тапсырды

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері міндеттерін ғана атқармай, игі іске де ат салысуда. Жақында 30-ға жуық маман қанға мұқтаж адамдарға көмектесу мақсатында қан тапсырды. Акция барысында жалпы көлемі 14 литр қан жиналды. Медицина өкілдері әр донордың денсаулығын алдын ала тексеріп, санитарлық талаптарға сай келетін кезеңдерден өткізді. 6637 әскери бөлімінің ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық бастамаларға қатыспақ. Себебі, олар мұндай игі іс-шаралар басқа да әскери азаматтардың патриоттық рухын, жауапкершілік пен жанашырлық қасиеттерін одан әрі күшейтетіне сенеді.