Ауыл шаруашылығы

Олжас Бектенов: “Өңірлерде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым қажет”

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы саланы цифрландыру үдерістері қаралды. Премьер-министр өңірлерде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым қажет екенін, сонымен бірге аурулардың алдын алу мақсатында уақытылы ветеринариялық вакцинациялау үшін жағдайлар жасалуы тиіс екенін атап өтті. Ашықтықты қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін бақылау және есепке алу тиімділігін арттыру үшін процестерді цифрландырудың маңыздылығы атап өтілді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР Премьер-министрі:

— Ветеринариялық қауіпсіздік өнімді экспорттық нарықтарға шығару үшін негізгі шарт болып табылады. Сонымен қатар, сырттан әкелінетін мал өнімдеріне бақылауды күшейту қажет. Саланы цифрландыру мал өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс. Биыл жүргізіліп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері цифрлық платформаларға интеграциялануы керек.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр ауыл шаруашылығы жануарларын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар сегментінде вакцинациялаумен толық қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Олжас Бектенов барлық өңірлерде сапалы және қолжетімді ветеринариялық құралдар жеткілікті көлемде болуы тиіс екенін атап өтті. Ол үшін ең алдымен, отандық өндірушілерді ынталандыру маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жылдың 1-қарашасына дейін ауыл шаруашылығы жануарларының деректер базасына верификациялау міндеті қойылды.