Қоғам

«ЦОН» мобильді қосымшасының электронды талон алудағы тиімділігі

Жыл басынан бері облыста “ЦОН” мобильді қосымшасы арқылы 1,7 миллионнан астам электронды талон берілген. Бұл қызмет көрсету жұмысын едәуір жеделдетті. Айта кетейік, виртуалды “билет” қызмет алушыға тіркеу аймағына жүгінбей, жалпы кезектегі орынды бекітуге мүмкіндік беретін қағаз талонның аналогы болып табылады. Сервисті қолдану үшін смартфонға “ЦОН” мобильді қосымшасын жүктеу керек. Кейін қосымшаға кіріп, “ХҚКО кезегіне талон” батырмасына басып, ресепшн аймағында орналасқан QR-кодты сканерлеу қажет. Одан кейін қажетті қызмет түрі таңдалады. “Жалғастыру” түймесін басқаннан кейін жүйе автоматты түрде виртуалды талон береді. Қызмет алушы нөмірі ақпараттық таблода көрсетілген кезде тиісті маманға барып, қызметін алады. Осылайша азаматтар кезекте тұрмайды, уақытты үнемдей алады.