БалаларМәдениет

Теріскейлік бишілер халықаралық сайыстан қос бас жүлдемен оралды

Теріскейлік бишілер халықаралық сайыстан бас жүлдемен оралды. Ұл-қыздар көрші Қырғызстанда өнер көрсетіпті. Сайысқа “Солнышко”, “Верните мне память”, “Мир в котором я живу” және “Как во сне” атты билерді көрермендерге тарту еткен. Нәтижесінде 2 бірдей бас жүлде және екі бірінші орын иеленген. Жеңімпаздарды жақындары вокзалдан думандатып қарсы алды. Бишілердің айтуынша байқауға негізінен қазақстандық және қырғызстандық таланттар қатысқан.

ЕСЕНИЯ ИЛЕНИ, “Движение” халықтық эстрадалық-хореографиялық миниатюралар ансамблінің бишісі:

Сапардан да, сайыстан да мол әсер алдық. Біраз бишімен таныстық, тәжірибе-пікір алмастық. Қырғыз жерінің сұлу табиғатын да аралап үлгердік.

Халықаралық жарыста оқ бойы озық шығу шәкірттерге ғана емес, тәлімгерлері үшін де зор жеңіс

ОЛЬГА ГОЛУБЕВА, “Движение” халықтық эстрадалық-хореографиялық миниатюралар ансамблінің жетекшісі:

Жылына бір рет болсын жарыстарға шығып тұруға тырысамыз. Тәжірибе алмасқан адам өседі. Бишілерімнің көрсеткен нәтижесіне ризамын, еңбек зая кеткен жоқ. Бұл жеңіс өзге жеңіске жетелейді.

Қазір бишілер қала күніне орай өтетін салтанатты шараға дайындық үстінде.

 

Ақтолқын Солтанханқызы