Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды. Бұл қызметке Ерболат Бекшенов лайықты деп танылды. Ол 1973 жылы Тайынша ауданындағы Зеленый Гай ауылында дүниеге келген. Орталық Азия университетін “Экономист” мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ауылдық округтер мен аудандарға жетекшілік еткен, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы басқармаларында жұмыс істеген. Бұл қызметке дейін «Қызылжар су қоймалары» мекемесінің директоры қызметін атқарған.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қаулысы бойынша және менің өкіміммен Ерболат Мұратұлы Бекшенов Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ерболат Мұратұлы 51 жаста. СҚО тумасы.