“Әсерлі ән, көк нөсер күй”. Осындай атаумен Петропавлда облыстық орындаушылар конкурсы өтті. Шараға өңіріміздің түкпір-түкпірінен домбыраның құлағында ойнайтын жандар жиылды. Қазір олар кімнің алғаш болып өнер көрсететінін анықтау үшін жеребе тартып жатыр.
Сайысты тамашалауға келген көрермендер назарына көрме де ұйымдастырылған екен. Мұнда өңіріміздің белгілі ақын-композиторлары бейнеленген. Сонымен қоса, сонау заманнан сақталған домбыралар да ұсынылыпты. Ал таяқ жерге тасталды, дәстүрлі күйшілік өнер байқауы да басталды.
Сахнаның ар жағында өз кезегін күтіп отқан жас қаншама. Қатысушылар қызу дайындық үстінде. Бойларында үрей мен қорқыныштың бары анық. Әрқайсысы үздіктер қатарынан көрінуге ниетті. Солардың бірі – Айша Нуриддин. Жеребе барысында бойжеткенге 26-шы реттік нөмір түсіпті. Шалақындық өнерлі жас сайысқа тек жеңу үшін келіп отыр.
АЙША НУРИДДИН, байқауға қатысушы:
— Мен домбырамен айналысып жүргеніме 5 жыл болды. Жарысқа жеңу үшін келдім. Конкурста “Кербез керік” және “Шалқыма” деген екі күй орындаймын.
Әр қатысушы екі күй орындайды. Оның бірі – шерте, бірі – төкпе күй. Онымен қоса қатысушыларға қойылған бірқатар талап бар. Яғни, алдымен қатысушылардың күйді орындау шеберлігі, тазалығы сыналады. Онымен қоса, өзін-өзі ұстауы мен киім үлгісі де – назарда. Айта кеткен жөн, қатысушылар үш жас категориясы бойынша екі түрлі номинацияда сынға түсіп жатыр.
БІРЖАН ЕСЖАНОВ, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі:
— Байқау екі номинациядан тұрады. Олар: “Дәстүрлік күйшілік өнер” және “Дәстүрлі әншілік өнер”. Әр номинация жас ерекшеліктеріне байланысты үш тоқа бөлінеді: 13-15, 16-20 және 21-35 жас аралығындағы жандар.
Шара соңында өзара үздіктер анықталып, дипломмен және сыйлықтармен марапатталды. Онымен қоса көрермен көзайымы, Тәттімбет және Нұрғиса атындағы арнайы жүлделер ұйымдастырылған.
Ақтолқын Солтанханқызы