Қоғам

Петропавлда танымал отандық өндірушінің сауда нүктесі ашылды

Сапасы күмән туғызбайтын отандық өнімдер енді Петропавл төрінде сатылады. Таразда өндірілетін косметика, тұрмыстық химия мен көлік химиясын көпшілік интернет арқылы жақсы біледі.

Бұл – қазақстандық кәсіпкер Рано Шадыханованың еліміздегі 52-ші дүкені. Сауда нүктесінің ашылу салтанатына бірсыпыра адам жиылды. Іште сапалы тауардың түр-түрі бар. Барлығы күнделікті өмірде қолданылады.

РАНО ШАДЫХАНОВА, кәсіпкер:

— Біздің зауытымызда 100-ден астам өнім өндіріледі. Тұрмыстық химия, автокөліктерге, шашқа арналған дүниелерді шығарамыз. Көпшілігі табиғи заттардан әзірленеді.

Таңғажайып тауарлар сатылатын сауда нүктесі Тоқсан би көшесі бойындағы 80-ші үйде орналасқан. Дүкен есігі таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық.

 

Байболат Құлтанов