ҚоғамҚұқық қорғау органдары

Есірткі сатумен айналысқандардың көбі есірткіні өздері де тұтынған – полицейлер

25 жастағы петропавлдық есірткімен мамыр айының соңында ұсталды. Одан мефедрон мен α-PvP салынған бірнеше түйіншек табылды. Наша ұсталған жігіттің тұрған жерінен де шықты. Ол екі грамм α-PvP-ді «зиплок» қалташаларына бөліп, салып қойған.

РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

— Сараптамаға сәйкес, алынған психотропты заттың жалпы салмағы – 227 гр. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша психостимуляторды пайдалану фактісі анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысатындардың көбі нашаны өздері де тұтынған дейді. Жыл басынан бері облыста есірткі сатқан 29 адам ұсталды, оның 15-і есірткіге тәуелді болып.