Қоғам

Солтүстікқазақстандық диқандар Азық-түлік келісімшарт корпорациясынан 7,8 млрд теңге қолдау алған

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы биылғы форвардтық сатып алу аясында аграрлық секторға 17,3 млрд теңге бағыттады. Бірақ, судың да сұрауы бар екенін естен шығармаған жөн. Қаржы алған диқандар күзде ұйымға 335 мың тонна дәнді және майлы дақыл беруі тиіс. Қазірдің өзінде 241 мың тонна бидай мен 54,2 мың тонна арпаға келісімшарт жасалыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Осы күнге дейін 190-нан астам серіктестік қаржылай көмек алды. Оның ішінде теріскейлік шаруашылықтардың үлесі басым. Солтүстікқазақстандық диқандар корпорациядан 7,8 млрд теңге қолдау алған. Айта кету керек, мұндай игі бастамалар тұрақты азық-түлік қорын қалыптастыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға зор септігін тигізетіні сөзсіз.