Осы ретте Халыққа қызмет көрсету орталығының да жұмысына тоқталып өтсек. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының есіктері шілде айының 7-ші жұлдызы, яғни дүйсенбі күні жабық болады. Өйткені, Астана күні жексенбіге келіп тұрғандықтан аптаның басына демалыс беріліп отыр. Орталық мамандары сенбі күні жарты күн істейді. Толық ақпаратты ресми сайттарынан білуге болады.