СҚО-да 3 жылдың ішінде 19 ауыл ішімдіктен бас тартты. Игі бастама 2022 жылы Тайынша, Ғ.Мүсірепов және Айыртау аудандарынан басталған еді. Қазіргі таңда дәстүр ретінде жалғасын табуда. Бұл өңір полицейлерінің еңбегінің нәтижесі деп айтуға толық негіз бар. Дүкендерінде спирт өнімдерін сатудан бас тартқан елді мекендерде қылмыс, құқықбұзушылық деген атымен жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері мүлдем тіркелмеген. Айта кету керек, биыл “Заң және Тәртіп” қағидаты аясында Уәлиханов, Тимирязев, Аққайың, Тайынша, Есіл, Ақжар, Жамбыл, М. Жұмабаев, Шал ақын және Ғ. Мүсірепов аудандарындағы ауылдар зиянды заттан бас тартқан. Өңір полицейлері бұл бастама эстафета түрінде жалғасқанын қалайды.