Қазақстан Конституциясы көшесінде тұрғындарға Астананың тарихы мен құрылу кезеңдері туралы сұрақтар қойылды. Шара, әлбетте, елорда күніне арналған. Дұрыс жауап бергенге сыйлық бар. Сұрақтар қиын емес. Дегенмен, кейбір сұрақтар тұрғындарды біраз ойландырып қойғаны да жасырын емес. Алайда, жастар легі бұл ретте пысығырақ болды. Қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді.
ДИАС ҮСЕН, қала тұрғыны:
— Маған екі сұрақ қойылды, екеуіне де дұрыс жауап бердім. Жастарға тарихымызды біліңдер, қорғаңдар және ең бастысы, сыйлаңдар дегім келеді.
“Сен Астана қаласын қаншалықты білесің?” деген атаумен қолға алынған шара қалада 3 күннен бері ұйымдастырылып жатыр. Кеше Жастар ресурстық орталығының еріктілері базар маңындағы жаяу жүргіншілерге сұрақ қойған. Бүгін орталық алаңда болса, ертең сауда орталықтарын араламақ.
НАРИМАН ТОҚСАНБАЕВ, Жастар ресурстық орталығының маманы:
— Бұл шараның мақсаты – жастарға тарихты нәсихаттау. Өскелең ұрпақтың бойында тарихқа деген қызығушылық пен патриоттық сезімін ояту болып табылады.
Бүгінгі сауалнамалық шара барысында 400-ден астам адам қамтылды.
Ақтолқын Солтанханқызы